Бәріне қолжетімді

0 20

Елордада «Қолжетімді спорт» жобасының алғашқы маусымы скандинавия­лық жүріс фестивалімен жабылды.

a5d8ead805dcaabf1079c69c02888a08

Жоба аясында тұрғындар үшін қазан, қараша және желтоқсан айларында спорттың 11 түрі тегін ұсынылды. Спорттық жобаға 3 айда 20 мыңнан астам тұрғын қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен барлық сабақтар тегін өткізілді.

Жобаға жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері, білікті нұсқаушылар қатысты. «Қолжетімді спорт» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының барлық саябақтарында, сонымен қатар қысқы уақытта қаланың 40 аумағында 5000-нан астам адам спортпен айналысты. «Қолжетімді спорт» жобасы 2022 жылы да өз жұмысын жалғастырады деп жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × two =