БӘРІ ДЕ ЖЕҢІСКЕ АРНАЛАДЫ

0 119

Астанада Жеңіс күніне орайластырылған 60-тан астам мерекелік іс-шара ұйым­дас­тырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысында жарақат алып, қаза тапқан жауынгерлер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсімі, Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты концерт, жас орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен әскери-патриоттық әндер фестивалі, «Отан қорғаушылар» монументіне гүл қою рәсімі, әскери-шатыр қалашығында ардагерлерді салтанатты қабылдау және соғыс жылдары әндерінің мерекелік концерті өтеді.

Астанада дәстүрге айналған «Ұлы Жеңіс батырларының тағдыры» акциясы аясында елорда көшелерінде соғыс ардагерлерінің портреттері бар билбордтар орнатылады.

Сонымен қатар, Жеңіс күніне орай барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлерлеріне – 150 мың, оларға теңестiрiлген адамдарға – 20 мың, тыл еңбеккерлеріне – 10 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + twenty =