БӘРІ БАЛАЛАР ҮШІН

0 100

 Жыл бойы сабақ оқудан зеріккен балалар жазғы демалыста ойынға құмартып, таңның атысынан кештің батысына дейін үй көрмей, ойын қуалап жүр. Соның салдарынан кейде балалар келеңсіздікке ұрынып, түрлі жайттарға тап болып жа­тады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында қалалық білім басқармасы балалардың жазғы демалысын да назарынан тыс қалдырған емес. Балалардың жазғы демалысын есте қаларлықтай қызықты қылып өткізу үшін әр түрлі лагерьлер ұйымдастырылды. Солардың бірі – №20 орта мектеп жанынан ашылған «Достық» балалар лагері.

 Демалыс орны өз жұмысын маусым айында бастаған. Мұнда 1-4 сынып аралығындағы жалпы 200 жас жеткіншек қамтылса, оның 150-і көпбалалы от­басы балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер. Лагерьде өз ісінің шебері, білікті тәрбиешілер жұмыс жасауда.

Демалыс орнындағы жеткіншектердің уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында да жоспарлы жұмыстар қолға алынған. Салауатты өмір сал­тын қалыптастыруда балалар таңғы спорт жаттығуларын жасайды. Сонымен қатар әр тарапты логикалық ойындар ұйымдастырылады. Жолда жүру қауіпсіздік ережелерін, әр түрлі нышандарды білдіретін жол белгілерін үйрену үстінде. Әр күн сайын бассейн, киноте­атр, қала музейлеріне бару­ды жеткіншектер әдетке айналдырған.

Елбасының үш тұғырлы тіл саясатын қолдайтын ұжым тәрбиеленушілерге өзге тілдерді үйретуді де назардан тыс қалдырған емес. Ана тіліміз бен діліміздің де мәртебесін марқайту мақсатында «Дәстүріңді сақтай біл!», «Қазақшаң қалай?» секілді көптеген шара­лар көрінісін тапты. Сондай-ақ қазақ тілі үйірмесінің жетекшісі Пернегүл Қаржаубайқызының «Рәміздерім – мақтанышым» атты ашық тәрбие сағаты да атап айтарлықтай.

Жұбатқан ТАНЖАНОВ,
№20 орта мектептің педагог- ұйымдастырушысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =