«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

БӘРЕКЕЛДІ, ҚАЗАҚ БОКСЫ!

0 222

обрезз

Кеше Астанада Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалы өтті. Ақтық сында Ақмола мен Жамбыл облысы құрамалары кездесті. Биыл бесінші рет өткен байрақты бәсекеде Жамбыл облысының боксшылары жеңіске жетті.

Жылдың қорытынды жарысы барысында 2014 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан бокс федерациясының таңдауы бойынша «Жылдың үздік бокс­шысы» сыйлығына биылғы Азия ойындарының жеңімпазы, ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов ие болды. «Үздік жас боксшы» сыйлығының  иегері болып ІІ Бүкілдүние­жүзілік жасөспірімдер Олимпиадасының чемпио­ны атанған Абылайхан Жүсіпов, «Әйелдер боксының үздігі» атағын биылғы әлем біріншілігінде топ жарған қазақстандық тұңғыш әлем чемпионы Назым Қызайбай иеленді. «Үздік бапкер» болып Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов танылды.

ERA_9925

Биыл Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) басшылығы мүшелігіне бірнеше қазақстандық мамандар қабылданды. АИБА ұйғарымы бойынша жылдың үздік бокс­шысы болып Данияр Елеусінов танылса, үздік жаттықтырушы атағына Мырзағали Айтжанов ие болды. Қазақстанда 2013 жылы өткен әлем чемпионатына АИБА жоғары баға берді.

Міне, осы жеңістер мен жетістіктер Қазақстан бокс федерациясының биік мәртебесін айғақтайды. Егемен ел атынан Олимпиада ойындарында қатысқан қазақ боксшылары үздіксіз алтын медаль алып келеді. Әлем чемпионы атағын да көп алған былғары қолғап шеберлері болып отыр. Осының бәрі Қазақстан боксы әлем аренасында алдыңғы қатарда тұрғанын білдіреді. Олай болса, ұлттық спортымызға баланған Қазақстан боксы, қазақ боксшыларының бағы ешқашан бабынан таймаса деп тілейміз.

 

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды