БАРДТАР БАС ҚОСҚАН ФЕСТИВАЛЬ

0 76

Елорда әкімдігінің қолдауымен «Астана-2013» халықаралық авторлық әндер фестивалі кезекті рет Арқа төсінде дүбірлеп өтті. ТМД және еліміздің аумағынан жиналған 1500-ге тарта өнерпаз үш күн бойы астаналықтарды және бас шаһар қонақтарын сазы мен сөзі ерек шығармаларымен сусындатты. Белгілі әнде айтылғандай, шартарапты толқытып, тасып, тебірене алатын гитара үні қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршаған жұртқа бір сәт көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Фестиваль тарихына көз жүгірт­сек, оның бастауында келмеске кет­­кен Кеңестер одағында жастар­мен жұмыс істеген – комсомол ұйым­­дары тұр. Нақтылап айтсақ, Це­лино­град облыс­тық комсомолдар комитеті. Бұл ұйым ісімен, әрі сөйле­ген сөзімен өзгелерден ерекше­ле­нетін жастармен жұмыс бары­сында 1979 жылы алғашқы рет осы фести­вальді өткізген. Содан бері ол 1999 жылға дейін ара-тұра өтіп тұр­ды. 1999 жылы халық­аралық дәрежені иеленіп, жылда үзілмей ұйым­дас­ты­ры­лып келеді. Сөйтіп, биыл халық­аралық тұрғыдан он бесін­ші рет өт­кі­зілсе, жалпы алғанда, жиырма бі­рін­ші мәрте шамдарын жақты.

Арнайы тігілген шатырлар қа­ла­­шы­ғындағы сахнада бардтық өнер­дің майталмандары, Ресей ас­танасынан келген Валерий және Вадим Мищуктер, Андрей Козловский, Лидия Чебоксарова, Евгений Быков, Александр Родовский т.б. орындаушылар ән салды. Жоғарыда аттары аталған, авторлық әннің жілігін шағып, майын ішкен бардтар бұл өнерге таласы бар жастарға ше­берлік сабақтарын өткізді. Шы­ғармашылық шеберханаларды өт­кізу арқылы бардтықтың қыр-сырына бойлатты. Арнайы іріктеу жүргізіліп, Самарадағы Валерий Грушин атындағы және Санкт-Петербургтегі «Питер аккорды» фестиваліне барып қатысатын авторлар, композиторлар, орындау- шылар, ансамбльдер анықталды.

Бұрын фестиваль шеңберінде екі кезеңнен тұратын байқау ұйымдас­тырылса, биыл ол өткізілмеді. Фес­­тивальге қатысқан Евгений Быковтың пікірінше, оның өткізіл­ме­гені де дұрыс болыпты. Бізбен әңгі­мелескен ол: «Осы фестивальге екінші рет қатысып отырмын. Бұл жолы байқау ұйымдастыру фес- тиваль бағдарламасына кірмепті. Ме­нің ойымша – бұл дұрыс. Жылда өткізілетін байқау өз мәнін жоғалт­қан сияқты. Себебі, мұнда бәрі бір-бірін таниды және әркімнің шамасы белгілі. Жылда жаңа есімдер шыға бермейді. Әрине, шығуы да мүмкін, бірақ мұндай жағ­дай өте сирек кез­­деседі. Жылда­ғы бай­қауларда лауреат­тар өзгер­­мейді. Байқау – бардтарды бі­рік­­тір­мейді. Ал мұн­дай демокра­тия­лық ойын – тү­сі­нік­тірек әрі қы­зық­тырақ» деді.

Самарада өте­тін «Платформа» фес­ти­валін ұйым­дас­тырушы Лидия Чебоксарова Астана табиға­тын ұнатқанын жасырмады. «Астананың табиғаты да, қала­ның өзі де ке­ре­мет! Ас­та­наны аралап кө­рейін деп, ер­те­­рек келген едім. Қы­­дырып жү­ріп, күн­дізгі де түнгі де жарқ-жұрқ еткен көр­­кіне куә болдым. Содан алған әсе­­рім та­маша» деді ол тамсанып.

Әрі қарай бардтық өнердің бұ­рын­­ғы және қазіргі жағдайын салыс­тыра сөйледі: «Мектеп жасынан бард­тық өнермен шұғылдана бастадым. Ол кезгі тыңдармандарымыз негізінен жоғары білімді азаматтар, зиялы қауым өкілдері болатын. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы ахуалға сәйкес, өне­­рі­­міз­де құлдырау болды. Сол кез­де бард­тық әндерді жұмысшы қауым, қара­­пайым халық тыңдай бас­та­ды. Бұл кезде зиялы қауым үшін жарал­­ған өнерді қарапайым халық тү­сіне бас­та­ған се­кілді. Қазір бард­тық өнер өзінің шыңына шықты деп ойлаймын».

Валерий және Вадим Мищуктер елордада соңғы рет бес жыл бұ­рын бол­ған екен. Олар өз сөздерінде сол кез­гі және қазіргі Астана жер мен көк­тей екенін атап өтті. Содан кейін осы фес­тивальде жастар­дың, тіп­ті, бала деу­ге келетін орындау­шы­лар­дың көп­теп қатыс­­қаны­на таңда­ныс­тарын біл­ді­ріп, қуаныштарын жасырмады.

Расымен, бардтық өнерге қызығу­шы жастар мол. Фестивальді ұйым­дас­тыру комитетінің төрағасы Мақ­сат Сәрсенбековтың айтуынша, осы Ас­тананың өзінде жасөспірім­дер­ді бардтық өнерге баулитын үш клуб бар. Иә, сұраныс бар жерде, ұсы­ныс бар. Фестивальдің жыл сайын үзілмей ұйымдастырылып келе жатуы да соған дәлел.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =