БАҚЫТЖАН МАЛЫБАЕВ РАДИО-КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

0 134

Астана 101.4 FM радиосында Жергілікті полиция қызметі жайында ІІД ЖПҚ бастығы Бақытжан Малыбаевтың қатысуымен радио-конференция өтті. Аталған азаматқа часкелік және мектеп инспекторлары, жол-патруль қызметі, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі жөнінде сұрақтар қойылды.

1473846503_dsc_8855

Бақытжан Малыбаев тікелей толқында телефон арқылы хабарласқан азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ азаматтар көкейкесті сұрақтарын алдын-ала Whatsapp месседжеріне дауыстық хаттама қалдыру арқылы жолдауға мүмкіндік алды. Жалпы радио-конференцияға шамамен 20 шақты сұрақтар келіп түсті. Қала тұрғындарын жол қауіпсіздігі, мектеп және учаскелік инспекторлардың жұмыстары, жол-патруль полицияларының заңды әрекеттері және т.б. сұрақтар  толғандырады екен. Егжей-тегжейлі қарауды талап ететін  сұрақтар  арнайы жазылып, Астана қ. ІІД ЖПҚ бастығы Бақытжан Малыбаевтың жеке қадағалауына алынды. Жергілікті полиция қызметіне  жатпайтын сұрақтар  құзырлы органдарға жіберілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × one =