«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бақыт Сұлтанов: Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі

0 146

Астана қаласын газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Elorda info.

– Бесінші бастама  бойынша елді газбен қаматамсыз ету үшін Астана әкімдігі былтырғы 13 шілдеде газ тарату желілерін салу және Астана қаласының жеке секторы тұрғын алаптары мен энергия кешенін табиғи газға ауыстыру жөнінде жол картасы бекітілді. Бүгінде Астана қаласын газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінген. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес, құрылыс монтаждау жұмыстарының жалпы сомасы 52 миллиард теңгені құрап отыр, – деді елорда әкімі.

Оның айтуынша, бірінші кезеңнің құрылысы бойынша 27 млрд теңге керек.

«Бірінші кезең аясында 3 ЖЭО және «Көктал-1», «Көктал-2», «Оңтүстік-шығыс» ықшам аудандырын газдандыру қарастырылып отыр. Қазіргі таңда тиісті құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жергілікті бюджеттен 286 миллион теңге бөлінді. Биыл жаңағы айтылған 27 миллиард туралы, оның ішінде 4 миллиард теңге республикалық бюджетті нақтылау кезінде біз тиісті құжаттаманы әрі қарай республикалық бюджет комиссиясында қарау үшін министрлікке беретін боламыз, – деді Бақыт Сұлтанов.

Қала басшысының баяндамасы туралы толығырақ «Астана ақшамы» газетінің алдағы санында жариялайтын боламыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды