Бақыт бастауы

0 138

Кеше дүниежүзілік отбасы күніне орай Отан қорғаушылар алаңында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен (Парус сахнасы) «Отбасы – бұл сенімділік, сүйіспеншілік пен ізгіліктің бастауы!» ұранымен акция өтті.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылы бекітілген халықаралық резолюциясы бойынша 1994 жылдан бері елімізде осы мереке аталып өтілуде.

Атаулы мерекеге байланысты Отан қор­ғаушылар алаңында қала жұрт­шылы­ғына арналған отбасылық жұптардың шеруі, денсаулық қалашығы, викторина мен ойындар ұйымдастырылды.

Шара қоғамдағы отбасының маңызын арттыру, салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақ­тастығын сақтау туралы мәселелерге арналды.

Отбасы мәселелеріне арналған халықтың ақпараттану деңгейін арттыру – акцияның басты арқауы болды.

Бағдарлама барысында бірнеше жас отбасылардың неке қию рәсімі де болып өтті. Акция қорытындысында алаңда концерт қойылды.

Саян ЕСЖАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − ten =