Бақылау кеңесінің отырысы өтті

0 86

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалық етуімен Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Кездесу барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұма­ғұлов: «Бақылау кеңестері еліміздің әрбір жоғары оқу орнында үлгі-өнеге эталоны болу қажет» деп атап өтті.

Отырыста ректор Ерлан Сыдықов Л.Гумилев атындағы Еу­разия ұлт­тық университетінің 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын жүзеге асырудағы жұмыстар жайында баяндады. Атап айтсақ, университеттің даму сатылары 4 басым бағытпен айқындалған: бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау; университетті Еуразия кеңістігінде зерттеу орта­лығы ретінде қалыптастыру; кадр­лық әлеует пен басқару жүйе­сін дамыту; инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны дамыту. Бүгін­де осы бағытпен айқын­далған жұ­­мыстар жоспардан оза орындалып жатыр деуге толық негіз бар. Алайда, стратегияның кейбір бөлімдерін жүзеге асыру барысында біршама қиындықтар туындауда. Оның ішінде магистратура мен докторантурадағы білім беру бағдарламаларына қатысты жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін шектеуі және министрліктің тарапынан арнаулы мамандықтарға деген қажеттіліктің пайызы анық­талмағандығы да аталды. Министр осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбіте келе, техникалық мамандық иелеріне деген сұранысты тілге тиек етті және өндіріс иелерінің қызығушылық тетіктерін анықтауға кеңес берді.

Ырысты ЖАЛҒАСБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + six =