БАҚ Лига тартысты өтуде

0 15

Футболдан журналистер арасында өтіп жатқан БАҚ Лига чемпионатының сегізінші туры өтті. «Елорда Ақпарат» медиакомпания­сының ұйымдастыруымен өтіп жатқан VII чемпионатта 16 команда сынға түсіп жатыр.Әзірге БАҚ Лиганың «А» тобында «Хабар» және «Қазақ радиолары» командалары топ бастап келеді. Екі команданың да ұпайы бірдей. Турнир кестесінің үшінші сатысында «Қазмедиа» футболшылары тұр.
Ал «Б» лигасында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі командасы бірінші орынды әзірге ешкімге бермей келеді. «Елорда Ақпарат» екінші, «Қазспорт» ұжымы үздік үштікті түйіндеп тұр.
Жексенбі күні өткен кезекті турда мынадай нәтижелер тіркелді: «Астана ТВ» – «Егемен Қазақстан» 6:2, «Хабар» – «Қазмедиа» 8:3, «Спорт 59» – «Nat Geo Qazaqstan» 5:3, «Қазақ радиолары» – «Kazaknews.kz» 8:4, «Хабар 24» – «Қазспорт» 4:2, «Мазмұндама» – «Қаламгер» 6:2, «Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі» – «Qsport.kz» 11:3, «Елорда Ақпарат» – «Айқын – Литер» 7 :3.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × two =