Банк карталары қалай ашылады?

0 15

Коронавирус барлық салаларға өз әсерін енгізіп үлгерді. Қазақстан да басқа елдер сияқты вирустың таралуын азайту мақсатында елде төтенше жағдай енгізу және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында карантин режимі бойынша мәжбүрлі шара қабылдады.Елде төтенше жағдай режимін енгізу нәтижесінде кірісінен айырылған азаматтардың кейбір санаттарына және кәсіпкерлерге мате­риалдық қолдау көрсету мақсатында мемлекет 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, «Birgemiz» қоры Қазақстанның аса мұқтаж азаматтарына 50 мың теңгеден бөлді. Ал бұл төлемдерді есептеу үшін ақша қаражаты есептелетін карточкалық шоттың болуы қажет.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік екінші деңгейлі банктермен төлем карталарына қол жеткізу үшін банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ, яғни қашықтан алу алгоритмін пысықтады. Осылайша әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін банктік карта қашықтан және тегін ресімделеді.
Бүгінде 14 қаржы институты бұл қызметті қашықтан ұсынады. Бұл үшін қажеті:
• мобильді қосымшада немесе банк сайты арқылы шот ашу (егер жоқ болса, жүктеу және орнату);
• тіркелу және қашықтан идентификациядан өту;
• ұялы телефон нөмірін және ЖСН-ді енгізу;
• жеке куәлікті сканерден өткізу (сұрау салған жағдайда);
• картаны ашуды растау үшін SMS кодын енгізу.
Бірнеше минут ішінде ­клиент шот нөмірі бар SMS алады. Екінші деңгейлі банктер сондай-ақ картаны жеткізу қызметін ұсынады. Орташа алғанда бұл рәсім 1-ден 5 күнге дейін созылады. Кейбір екінші деңгейлі банктер қолма-қол ақшаны картасыз және комиссиясыз алу мүмкіндігін енгізді. Бұдан басқа, клиенттер үшін коммуналдық төлемдерді төлеу, байланыс қызметтері, салымды ашу, салық және кеден төлемдерін жүргізу, жалақы аудару, ақша қаражатының қозғалысын қадағалау, POS/SMART-терминалдар бойынша үзінді алу сияқты онлайн-сервистердің басқа да қызметтері қолжетімді болады. Барлық операциялар комиссиясыз жүзеге асырылады.
Кеңес алу үшін, сондай-ақ сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдердің басқармасына мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 703-333, 703-387 (дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күні – сенбі, жексенбі).
Қаржы институттарының әрекетіне өтініштер мен өтініштерді кері байланыс нысаны арқылы сайтқа: www.finreg.kz немесе электрондық поштаға: fingramota@finreg.kz, tal@finreg.kz жіберіңіз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 2 =