БАЛЫҚШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

0 122

Астана қаласының іргесіндегі Вячеславка су қоймасында спинингпен балық аулаудан жарыс өтті. Астана күніне орай осымен үшінші мәрте өтіп жатқан айтулы шараны Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны ұйымдастырды.

????????????????????????????????????

Балық аулауды біз көбіне-көп хоббиге балап жатамыз. Дей тұрғанмен, бұл да спорт түрінің бірі. Ерекше ыждаһаттылық пен төзімділікті қажет ететін бұл сайысқа біз де көз жеткізіп қайттық. Қатысушылардың саны биыл 70-ке жуықтады. Өткен жылдармен салыстырғанда, бұл рекордтық көрсеткіш болды.
«А», «В» және «С» секторларына бөлінген балықшылар жарысы қыза түсті. Өйткені, жарыс басталған сәттің алғашқы минутында қатысушылардың бірі алғашқы балықты қармағына ілді.
Бірнеше сағатқа созылған доданың жеңім­паздары да анықталды. Биыл ұйым­дастырушылар бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттауды жөн санады. Мәселен, «Жасы үлкен балықшы» номинация­сы бойынша Краев Виктор марапатталса, Нұрәлі Темен «Ең жас балықшы» атанды. 2,5 келі балықты ұстаған Жанат Рамазанов «Ең ірі балық аулаушы» аталымында жеңіп алды. Ал, жекелей балық аулаудан жеңіске жеткендерді атап айтар болсақ, 1-орын Жанат Рамазановқа бұйырды. 2-орынды Рақымжан Үтемісов иеленсе, 3-орынды Нұрлан Мағзұм қанағат тұтты. Команда бойынша жеңіс тұғырынан «Astana fishing club» көрінді. Бірінші орынды иеленген бұл команда жарыс барысында ерекше белсенділік танытты. 2-орынды «Astana 01.kz» командасы иеленсе, 3-орын «Найза» командасына бұйырды.

Әмір ДОСҚОЖА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 12 =