Балғындарға жол тартты

0 80

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған қазақ тілді боямақтардың жас ұрпаққа ұлттық, рухани тәрбие беруде маңызы зор. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әсем-ай» баспасынан «Қазақтың ұлттық ойындары» атты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қазақтың ұлттық ойындары мен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай оның И.Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа», «Есек пен бұлбұл» атты мысал өлеңдеріне боямақтар шықты.Балалар боямақтарын да­йындау жобасының мақсаты – қазақтың ұлттық ойын­дарын, төл әдебиетіміздің жауһарлары Абайдың мысал аудармаларын, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары мен қазақ ертегілерін жас ұрпаққа боямақ түрінде таныстыру, сол арқылы балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қазақша боямақтардың басты ерекшеліктері: біріншіден, боямақ арқылы бала Абай, Ыбырай аталарының өмірбаянымен танысады. Екіншіден, боямақты жай бояп қана қоймайды, Абай, Ыбырай аталарының шығармаларын оқиды. Сол арқылы төл әдебиетімізбен сусындап өседі. Шығарманың тәрбиелік мазмұны арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиеленеді. Үшіншіден, бояй отырып, ойлау қабілетін, түс таңдай білуге үйренеді. Сондай-ақ бала өздігінен сурет салуға машықтанады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 11 =