БАЛҒЫНДАР БАС ҚАЛАНЫ БЕЙНЕЛЕМЕК

0 89

727e57c75ded1fadd991b2817b15692561a82f34

Елорда тойын айшықтайтын шаралардың бірі – кішкентай астаналықтардың шығармашылығына арналған «Жан-жүрегім, Астанам!» көрмесі. Мұнда балалар өз суреттерінде жас Астананың көркем келбетін бейнелейтін болады.

Ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес көрмеге бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы шығармашылық, заманауи дизайн үйірмелерінің 200-ден астам тәлімгерінің жұмыстары қойылады. Балалар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Шара соңында суреттер мен бұйымдар әлеуметтік мекемелерге тарту етіледі.

Көрме балалардың бойына рухани құндылықтар мен мейірімділік, отансүйгіштік, белсенділік қасиеттерін сіңіріп, зәру жандарға қол ұшын созуға тәрбиелейді. Әсіресе, балалар үйі тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Жаны мейірімге толы жеткіншектердің қолынан шыққан нәзік те әсем туындылар қатысушыларға ерекше әсер сыйлайды.

Көрме 10 маусым күні сағат 11.00-де жаңа Оқушылар сарайының Галерея алаңында өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × four =