БАЛҒЫН КАРАТЭШІЛЕР БІЛЕК ТҮРДІ

0 129

IMG_0640

М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Astana Open» WKF каратэ-додан халықаралық турнир өтуде.

Астана қаласы Білім басқармасы, Туризм және спорт басқармасы, Дәстүрлі күрес өнері және WKF каратэ-до федерациясы ұйымдастырған  турнирдің мақсаты дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасы аясында оқушылар арасында каратэнің кеңінен насихаттау, тәжірибе жинақтау, нашақорлық пен жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.

Жарыс жеке ката, жеке кумитэ және командалық кумитэ бағдарламалары бойынша өтуде. Бастапқы және негізгі сайыс түрлерінен өтетін додада еліміздің әр аймағынан, сонымен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз елдерінен 150-ден астам жас каратэшілер күш сынасады.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 10 =