Балет әліппесін қашықтан үйретеді

0 57

ТЖ режимін енгізгеннен кейін, елордалық Қазақ ұлттық хореография академиясы басқа оқу орындары сияқты қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшті. Айта кету керек, академия хореографиялық білім берудің бастауыш мектептен докторантураға дейін барлық буындарын қамтиды. Қазақ ұлттық хореография академиясының мектеп-колледжінің жетекшісі Светлана КОКШИНОВА балеттің жас әртістерін қашықтықтан оқыту үдерісі қалай көрініс табатыны туралы әңгімелеп берді.– Дәстүрлі түрде біздің оқушыларымыз мектеп бағдарламасынан қалыс қалмау үшін мұғалімдерден қашықтықтан тапсырмалар алады. Оқу орнының ауқымында дистанциялық формат алғаш рет енгізілді, – дейді Светлана Кокшинова.
Оқу орнының ерекшелігіне байланысты қазір Академия оқушылары тек қана жалпы білім беретін пәндерді ғана емес, хореографиялық пәндерді де қашықтықтан меңгеруде.
– Шын мәнінде қашықтықтан оқыту және хореографиялық өнер үйлесімсіз, себебі балаларды би мен балетке оқытудың ерекшелігі белгілі бір жағдайларды талап етеді. Яғни балеттік станоктармен жабдықталған кең зал, арнайы еден жабыны, үлкен айналар. Бұдан басқа, концертмейстер мен тәжірибелі кәсіби педагогтың қатысуы міндетті, ол қандай да бір қозғалысты қалай орындау керектігін түсіндіретін болады, – деп атап өтті мектеп-колледж басшысы.
Ол сабақтарда тікелей балет залында педагогтердің әрбір оқушыға көңіл бөліп, онымен жүрісті нүктелі сүйрететінін атап өтті, өйткені кез келген адамның дене, қол, аяқ ұзындығында жеке айырмашылықтары бар.
– Бұл – зергерлік жұмыс, балет залында әр бала бірегей, педагог бұл бірегейлікті көріп, балада табиғатпен қаланған нәрселерді ашып көрсетуі тиіс. Өкінішке қарай, қашықтық режимі оны қамтамасыз ете алмайды. Үйде классикалық би бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік жоқ. Қазір оқыту бағдарламасы педагогтармен қайта қаралды-ауқымын, үлкен орын-жайларды талап ететін барлық күрделі қозғалыстар келесі жылға ауыстырылды, ал биыл біз үй жағдайында нақты орындауды меңгерудеміз. Бірінші кезекте бұл – станокта экзерсис, еденде балет гимнастикасы, созылулардың толық кешені, күш жаттығулары, – деді Светлана Кокшинова.
Сондай-ақ ол қазіргі кезде педагогтар теорияға ерекше көңіл бөледі, балаларға классикалық балет, спектакльдер туралы әңгімелейді, олардың пікірін, әсерлерін сұрайды, би әдістемесі туралы жиі айтады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 4 =