Балдырғандардың бақытты күлкісі

0 13

Ұлттық музейде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қатысуымен «Балабақша – болашаққа бастар жол» атты фотокөрме өтті.

Іс-шараның мақсаты – еліміздің мектепке дейінгі білім беру ­жүйесін дамытуға атсалысу.

Фотокөрмеге 200-ге жуық фотосурет қойылды. Онда балдырғандардың бақытты күлкісі, қызыққа толы сәттері айшықты бейнеленген. «Осы көрмеден балалардың қандай ортада тәрбие алып, өсіп жатқаны ғана емес, интеллект ойыны, арт-терапия секілді жобалардың балабақшада қалай жүзеге асып жатқаны көрінеді» дейді елорда әкімдігі Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Әлия Мақышева.

Айта кетейік, іс-шара қорытындысы бойынша жобаға қатысқан балабақшалар туралы фотосуреттер мен ақпараттарды қамтитын каталог-журнал шығады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + twenty =