«Балбырауын» – онлайн

0 135

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен онлайн форматта ұлттық Домбыра күніне арналған онлайн-конференция өтті.

Оған белгілі мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық миссиялары мен қазақтар қауымдастығының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Ассамблея жастары қатысып, бір мезетте  Күй атасы Құрманғазының  асыл мұраларының бірі  «Балбырауын» күйін тартты.

 

ZOOM конференц-платформасы арқылы онлайн режимде өткен күй жарысқа  Оңтүстік Африка, Франция, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. мемлекеттердің өнерпаздарының  күй-жарысы  ұлттық мәдениетіміздің, қазақы домбырамызды дәріптеудің көрінісі болды.

Ұлттық Домбыра күні шілденің алғашқы жексенбісінде, үлкен мерекенің басытауы болып аталып өтеді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − 2 =