«БАЛБӨБЕККЕ» бар, дарын!

0 106

29 қазанда «Жастар» сарайында «Балбөбек» балалар шығармашылығының қалалық ашық фестивалінің шымылдығы түріледі. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордада он екінші рет өткелі жатқан байқауға қатысуға өтініш қабылдау басталды.

Биылғы фестивальге қатысушылар «Вокал», «Хореография», «Көркем сөз» және «Бейнелеу өнері» аталымдары бойынша өнер көрсетеді. 7-17 жас аралығындағы балалар мен жас­өспірімдер 23 қазанға дейін байқау­ға қатысуға өтініш бере алады. Бұл үшін «Жастар» сарайының www.zhastarastana.kz
сайтынан өтініш үлгісін жүктеп алуға және байқау ережесімен танысуға болады.
«Жастар» сарайы жыл сайын ұйымдастыратын «Балбөбек» фестивалі астаналықтардан ғана өтініш қабылдамайды, оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас дарындар қатыса алады. Байқауға қатысушыларды бі­лікті қазылар алқасы бағалайды. Әділдік үшін олардың құрамы фестивальдің ашылу салтанатында жарияланады.
Үш күнге жалғасатын фестиваль жеңімпаздары 31 қазанда байқаудың гала-концертінде анықталады.

Аманғали Қалжанов

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 1 =