«БАЛАУСА» САЗҒА ТЕРБЕЛІП…

0 186

№1 Музыкалық балалар мектебі

Елорданың төл мерекесіне орай М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы алаңында №1 Музыкалық балалар мектебінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара болып өтті.

Шарада «Астана» ұлт аспаптар оркестрі, «Балауса» фольклорлық ансамблі, «Күй тартыс» домбырашылар ансамблімен қатар аталмыш мектептің оқушылары өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Мерекелік бағдарламадан кейін Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева Астана қаласы әкімдігінің құттықтауын жеткізіп, жиналған қауымға жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, «Астана құрдастарының ІІ Вена балын» ерекше атап, қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарын табыстады. Ханшайым мен ханзаданы анықтау оңайға түспепті. Дегенмен сымбаты мен биі жарасқан жұп жеңіс тұғырынан көрінді. «Бал ханшайымы-2014» және «Бал ханзадасы-2014» атағына Сабина Артығалиева мен Хакім Ілияс лайық деп танылды.

Бота ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ,
студент

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × one =