БАЛАНЫҢ «Р»-ҒА ТІЛІ НЕГЕ КЕЛМЕЙДІ?

0 224

Үйдегі үш жасар сіңлімнің тілі «р»-ға келмейді. Тілін жаттықтыру үшін ракета, робот, трактор деген сөздерді қайта-қайта айтқызамыз. Нәтиже шамалы. «Лакета», «лобот», «тлактол» күйі қалады онымыз. Бастапқыда еркелік шығар дейтінбіз. Бара-бара сақаулығы үдей түскен соң, дәрігерге апардық. Сөйтсек, мұндай мүкістік біраз балада бар екен.

2

Республикалық Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының невропатолог-дәрігері, медицина ғылымы­ның кандидаты Нұрбибі Жақауованың айтуынша, кейбір отбасыларда бала 1-ге толар-толмастан келесі сәби дүниеге келіп жатады. Әке-шешесінің бүкіл ықыласы сол бауырына ауғанын білген бүлдіршін кішігірім күйзеліске тап болады екен. Нәтижесінде томаға-тұйық қалыпқа түсіп, психикалық дағдарысты бастан кешеді. Соның кесірінен тіл мүкістігі пайда болады.
Мұнымен қоса, баланың былдырын қызық көріп, сақаулана сөйлеуіне ерік беру де оның тілінің дамуына кері әсер етуі мүмкін.
– Сәбиін «Сәкөш», «Мәкөш» деп еркелететін ересектер көп. Дұрыстап ес­кертудің орнына «боймайды», «кей­мейді», «үфәй», «кәкәй» деп сөйлеп отыр­ған әке-шешенің баласына не деп кінә артасың бұдан соң? Ата-ана – бала үшін қашанда идеал. Сондықтан, ең әуелі, өзіміз баламен үлкен адамдарша тең дәрежеде сөйлесуіміз керек. Ерінбей, жалықпай, әр заттың дұрыс атауын жаттатқызуымыз қажет, – дейді аталмыш мекеменің психологы Гүлжәмила Нүсіпжанова.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 14 =