Баланы неше жасынан спортқа баулуға болады?

0 833

Жақсыкелдi АБДРАХМАНОВ,
қала тұрғыны

– Биыл жазда ұлым 8 жасқа толады. Футбол үйiрмесiне бар­ғысы келедi. Ал қызым 6 жаста, ол да спортқа, гимнас­тикаға апаршы деп жүр. Жал­пы, балаларды неше жастан бастап қандай спортқа беруге болады? Осыны бiлiп бере аласыздар ма?

Бiз оқырман сауалына жауап беру үшiн Астана қала­сының №8 балалар мен жас­өспiрiмдердiң маманданды­рылған олимпиадалық резерв даярлайтын спорт мектебiнiң директоры, Қазақстан спор­ты­ның еңбек сiңiрген қайрат­керi Жомарт Сабыржанов мырзаға хабарластық.

– Бiрiншiден, баланы қан­дай да бiр спортқа бермес бұ­рын оның қабiлетiн  мұқият ай­қындап алған дұрыс бо­лады. Әйтпесе, кей жағдай­ларда көбiнесе баланың қай спортқа баратынын ата-анасы бiржақты шешiп жата­ды. Бұл – дұрыс емес. Мәсе­лен, бiздiң мектептiң бiр түлегi бүгiнде футболдан Қазақ­стан жасөспiрiмдер құрама­сында ойнап жүр, ал кезiнде оны әкесi каратэге барасың деп қинаған едi.
Ал, ендi баланы неше жас­тан бастап спортқа беру керек дегенге келетiн болсақ, өз тәжiрибеме, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық та­лаптардың жас мөлшерлiк нормативтерiн ескерiп айт­сам, футболды 10 жастан бас­таған өте дұрыс. Сондай-ақ, күрес түрлерiне, баскет­бол, волейбол, қол добы, хок­кей, семсерлесу, конькимен жүгiру, қайықпен жүзу спор­тына да осы жастан бастап баулуға болады. Жеңiл атле­тиканың барлық түрлерiне, ат спортына, қайық спортына 11 жастан, бокс пен вело­спортты 12 жастан бастаған, ал ауыр атлетикаға 13-14 жастан кiрiскен жөн сана­лады. Ал гимнастика, жүзу, мәнерлеп сырғанау спорт­тарына 6-7 жастан барса да болады.
Ең бастысы, баланы қабi­летiне қарай қалаған спор­тына бағыттай бiлу керек. Өйткенi, спорт үлкен еңбек­қорлықты, ептiлiк пен шы­дам­дылықты талап етедi.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =