«Баламен бірге бала боламыз»

0 154

Биылғы оқу жылы аяқталысымен елорда мектептерінде жазғы демалыс лагерьлері есігін айқара ашты. Әуелі қатысушыларды тізімдеп, қабылдау жұмысын қолға алған жетекшілер бірер күнде жоспар бойынша жұмысқа кіріскен-ді. №66 мектеп-лицейі жанынан ашылған «Балауса» жазғы демалыс лагері де солардың қатарында қызметін бастаған.

«Балаусаның» бірінші ауысымында 450-дей бастауыш сынып оқушылары демалып қайтқан. Екінші ауысымға 284 бала тіркеліпті. Лагерь жетекшісі Светлана Бастемова жазғы демалыс маусымының ашылу салтанатына мұқият дайындалғандықтарын айтады. Күні кеше ғана сабақ беріп жүрген мұғалімдері топ жетекшілері болып сайланғандықтан, балалар лагерьде еркін жүріп-тұра алмай қалуы да мүмкін еді. Бірақ, жетекшілер тобы оған да амал тауып, алғашқы күні бірі қуыршақ, бірі кеме капитаны, бірі бантикті қыз бейнесінде киініп келіпті. Олар балалармен ұстаз ретінде емес, дос­тарындай әзілдесіп, бірге ойнаған соң, балалар арқаны кеңге салып, рахаттана демалыпты.

Лагерь күні «Кел, шынықтыр денең­ді!» ұранымен өтетін таңғы жатты­ғу­­-лармен басталады екен. Сонымен қатар, таңертеңгі және түскі ас беріледі. Ал, сағат 14:00-де бәрі үйді-үйіне тарқасады.

Мұндағы барлық оқушылар 15 дивизионға бөлініп, «Өнер мектебі», «Оригами», Көңілді ноталар» сынды үйірмелерге қатысады. Өзара шахматтан, спорттық ойындардан
жарыс та өткізіліп тұрады. Мек­тепішілік қана емес, қалалық дең­гей­дегі додаларға да қатысып үлгер­ген №9 дивизион оқушылары «Оқу­шылар сарайының» арнайы марапат қағазына да ие болыпты.

Мөлдір Халықова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + 8 =