БАЛАМА ДӨРЕКІЛІК КӨРСЕТКЕНІ БАТАДЫ

0 86

Паңкереев Қайсар:

– Сәлеметсіз бе, құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! 1 қазан күні он бір жастағы ұлым «Керемет-монша» аялдамасынан мініп, №20 маршруттағы «MAN» автобусымен үйге келе жатады. Шиланын ашқан кезде түр-әлпеті еуропалық пішіндегі кондуктор әйел оның қыркүйек айына арналған жолақы билетін көріп қалып, дөрекі түрде қолына беруді талап етеді. Ұлым уақыты өтіп кеткен оны көрсетуді ойламаған. Сол бойда ол кондукторға 50 теңге ұсынған. Бірақ, кондуктор артық ақшаны қайтармастан салон аралап кете барған. Баламның бірнеше рет 30 теңгені қайтарып беруді өтінгеніне елең етпеген, тек осы келеңсіздікті көздері көріп отырған ересек жолаушылар араласқаннан кейін ғана қайтарым ақшаны баланың қолына ұстатқан. Мені кондуктордың дөрекі қылығы күйіндіреді. Өкінішке қарай, автобустың нақты деректерін білмеймін, белгілісі

– «Жағалау» аялдамасынан сағат 19.48-де кеткені…

ЖАУАП:

– Қайсар, шағым хатыңызды қарап шығып, біз қызмет бабындағы тексеріс жүргіздік. 2012 жылғы 1 қазанда №20 маршрутқа қызмет көрсеткен мемлекеттік нөмірі Z 040 СМ автобустың кондукторы Н.Дьякова жазған түсініктеме бойынша, ол мерзімі өтіп кеткен айлық жолақы билетін алып қойған, сол кезде сіздің ұлыңызға жаңа ай басталғандықтан, әлгі билет күшін жойғанын түсіндірген. Жолаушыларға билет үлестіріп болған соң ұлыңызға 50 теңгенің 30 теңгесін қайтарып берген.

Кондукторға қатысты тиісті шара қолданылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − two =