Балалық шаққа саяхат

0 50

Елордадағы Ұлттық музейде танымал қылқалам шебері, профессор Төлеубек Мұқашевтың «Балалық шаққа саяхат» атты жеке көрмесі өтті.

Көрмеге суретшінің елуге жуық кескіндемелік, графикалық туындылары қойылып, келушілердің қызығушылығын туғызды.
Белгілі қылқалам шебері бейнелеу өнерінде дәстүрлі кескіндеме мектебінің өкілі саналады. Ол кісінің негізгі тақырыбы – табиғат ғажайыптары мен туған жерінің сұлу көрінісі. Суретші әр картинасында «Жер жәннаты – Жетісудың» көркем бейнесін әсерлі жеткізе білген. Әсіресе оның жұмыстарында табиғат пен түстер үйлесім тауып, үндесіп тұрады. Басы-артық бояу жоқ.
Мазмұнды шараның ашылуында Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Төлеубек Төлеуұлының өмірге, өнерге құштар жан екендігіне тоқталды.
Одан кейін сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова: «Төлеубек Төлеуұлы – мемлекеттік қызмет пен өнерді қатар алып жүрген азамат. Бүгінгі көрме суретшінің туған жеріне деген алғысы, махаббаты» десе, белгілі ғалымдар Бақытжан Жұмағұлов пен Жақсыбек Құлекеев қылқалам шеберінің туындылары келешек ұрпақ үшін де таусылмас рухани азық болатындығын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =