БАЛАЛАРҒА ТАРТУ БАР

0 137

мектеп

Астана күні мерекесіне орай екі жалпы білім беру мектебі мен екі балабақша ашылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, 1 200 оқушыға арналған мектеп Түркістан, Керей- Жәнібек хандар көшесі мен Орынбор көшесі аумағында орналасқан. Ал екінші мектеп Ш.Қалдаяқов көшесінде ашылады.

Сонымен қатар, И.Панфилов пен С.Торайғыров көшелерінің қиылысында 140 орындық балабақша, ал Е 233, Е 234, Е 237 көшелерінің қиылысында 190 орындық «BI – Village Comfort» жаңа балабақшасы пайдалануға беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + eight =