Балаларға көмек көрсетті

0 43

Елордамыздағы «Ерекше аналар» қоры балаларға көмек көрсетті.
Елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғаммен біріктіру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар дамуда білімді тек арнайы мекемелерде ғана емес, қарапайым балабақша мен жалпы білім беру ұйым­дарында ала алады. Арнайы білім беру жалпы білім беру жүйесінің құрамына кіріп, ерекше білім беру деп аталады. Ерекше балаларды қолдау мақсатында «Ерекше аналар» қоры балаларға арнайы көмек көрсетіп келеді. «Осы қорда жұмыс істеп келе жатқаныма бірнеше жыл болды. Біздің қор 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттілігі бар балаларға қызмет көрсетеді. Бұл олардың ата-аналарына да қолдау» деді Гүлнұр Хайдарова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + one =