«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Балаларға – базарлық

0 58

Кеше Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Менің Қазақстаным» мәдени-білім беру және экспозициялық жобасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның мақсаты – Қазақстанның тарихы, мәдениеті және табиғаты бойынша балалардың білімін, сондай-ақ бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер саласында практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Экспозиция құрылымы 10 негізгі бөлімнен тұрады. Барлық бөлімдер Қазақстанның тарихымен, табиғатымен балаларды таныстырады. Ақпараттық аймақ Қазақстанның интерактивті географиялық картасымен, Ұлы Жібек жолының картасымен, мониторлармен және электронды дүңгіршекпен жабдықталған.
Аталған жобада балалар ойын ойнау арқылы Қазақстанның тарихы, мәдениеті, табиғаты туралы білім алып, өздері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, киіз үйде болып, қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты бейнематериалдарды көріп, ұлттық киімде суретке түсті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды