Балаларға – базарлық

0 11

Музыкалық жас көрермен театры Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жас көрермен назарына «Күлше қыз» музыкалық ертегісін тарту етті. Ал кеше қайырымдылық мақсатында М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын қойды.

«Күлше қыз» музыкалық ертегісі орыс драматургы Евгений Щварц пен композитор Антонио Спадавеккианың «Золушка» атты ертегісінің желісінен алынған. Шығарманы қазақ тіліне аударған – Есім Сегізбаев. Ертегінің ­қоюшы-режиссері – «Сахнагер-2019» ұлттық театр сыйлығының иегері, Музыкалық жас көрермен театрының актері әрі режиссері Расул Усманов. «Абай-­Тоғжан» музыкалық драмасын Нұр-Сұлтан қаласында тұратын қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органы қызметкерлерінің жесірлері мен балалары тамашалады. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты, Ұлттық ұлан және Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі істер департаменті қызметкерлері де көрді.
Балалар Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Аян Өтепберген мен Асылхан Төлеповпен танысуға мүмкіндік алды. Қойылым соңында жеткіншектерге Димаш Құдайбергеннің қолы қойылған плакаттар, кітаптар мен естелік сыйлықтар, тәттілер, шығармашылығын дамытуға арналған керекті құралдар берілді.
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлері балаларына Э.Хушвактовтың «Қызыл алма» лирикалық комедиясының арнайы көрсетілімін ұйымдастырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 4 =