Балаларға – базарлық

Ресейдің Мария театрының әртістері астанада өнер көрсетеді

0 26

Алдағы 29-30 қаңтарда «Астана Балет» театрында әлемдегі танымал туындылардың бірі – П.Чайковский музыкасына Василий Вайнонен қойған «Щелкунчик» балеті көрерменге ұсынылады.

Бірінші күні «Астана Балет» сахнасында ­Машенька мен Щелкунчик партиясын Мария театрының солистері – прима-балерина Оксана Скорик пен солист Евгений Коновалов сахнаға шығарса, екінші күні, яғни 30 қаңтарда басты партияларды аталған театрдың жетекші солис­тері Сүндет Сұлтанов пен Татьяна Тен орындайды. Оксана Скорик классикалық мұраның алтын қорына жататын көптеген партияларды орындап келген. Оның ауқымды репертуарында Ханс ван Манен, А.Ратманский, У.Макгрегор және өзге де заманауи хореографтардың туындылары бар.
Айта кетейік, «Астана Балет» театрында «Щелкунчиктің» Василий Вайнонен қойған нұсқасы көрсетіледі. Төрт жыл бұрын оны астаналық театр сахнасына РФ халық әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова қойды. Вайноненнің нұсқасы балаларға арналғандықтан, ертегідей сиқырға толы туынды. Бұған театрдың кәсіби әртістерінен бөлек, Қазақ ұлттық хореография академиясының жүз алпысқа жуық студенті мен оқушысы қатысады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + sixteen =