Балаларға алғыс айтты

0 51

«Мичурин» тұрғын алабында Алғыс айту күніне арналған мерекелік турнир өтті.

«Мирас» және «Эверест» аула клубтарының арасында футболдан өткен жолдастық кездесудің алдында бірлескен жаттығу ұйым­дастырылды.
Ересек жасөспірімдер ойынында алаң иелері «Мирас» командасы 9:3 есебімен жеңіске жетсе, кіші топта «Эверест» командасы өз қарсыластарын 10:2 есебімен ұтты.
Ойыннан кейін аула клубтарының жетекшілері Алғыс айту күні туралы әңгімелеп, балаларға зор денсаулық, білім мен спортта жетістіктер тілеп, достық көңілде өткізген ойындары үшін алғыс айтты.
Жолдастық жарысқа қатысушылардың бәрі алғыс хатпен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 10 =