«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Балаларды оқытатын бағдарлама жоқ

0 155

Кемероводағы қайғылы оқиға адамдар көп шоғырланатын жерлерде тұрғындардың апат кезінде қандай әрекетке бару қажеттігін білмейтінін көрсетті.

«Атамекен» ҰКП-сында өткен дөңгелек үстелде сарапшы-мамандар адам­дар көп шоғырланатын нысандардағы қауіпсіздік шараларын талқылау барысында осындай пікір айтты. Мәселен, үлкен бір ғимаратта өрт бола қалса, үлкендер де, балалар да қайда баратынын, не істейтінін білмей, абдырап қалады. Мәселен, бізде балаларды қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке оқытатын бағдарлама жоқ.
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаевтың айтуынша, Білім және ғылым министрлігі құзырлы комитетпен бірлесе отырып, балаларды қауіпсіздік шараларына оқытатын бағдарлама жасауы қажет. «Біз балаларды, сту­денттерді қауіпсіздік ша­раларына оқыту мәселесін көтердік. Өкінішке қарай, Білім және ғылым министрлігі оны қолдамай отыр. Қазір мектепте алғашқы әскери дайындық дәрісі жүреді. Бірақ өмірлік қауіпсіздік деген басқа бағыт» деді комитет өкілі.
Қазақстан жобалаушылар ұлттық қауымдас­ты­ғының вице-президенті Серік Рүстембеков ірі сау­да орталықтарында­ғы балалар аттракционы, қоғамдық тамақтану нүктелерін төменгі қабат­тар­ға көшіру туралы ұсыныс айтты.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды