Балалар жүрекпен үн қатты

0 15

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай әлеуметтік желілерде ұйымдастырған «Балалар жүрекпен үн қатады» атты байқауы өз мәресіне жетті.

Байқаудың негізгі мақсаты – тұғырлы ана тіліміздің құдіретін таныту; барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор ретіндегі рөлін насихаттау; қазақ тілінің сұлу әуезділігін паш ету, көркем де айшықты түрде бейнелеу; жас ұрпақтың бойында өз туған тілі үшін мақтаныш сезімін ояту.
Сондай-ақ балаларды туған тіліне деген құрмет сезіміне баулу, ұлттық нышандарымыз арқылы ұлтжанды тұлға тәрбиелеуге ықпал етуді басты назарда ұстады. Байқаудың шарты бойынша, 7-12 жас аралығындағы балалар ғана қатысуға мүмкіндік алып, екі шумақтан, он екі жолдан аспайтын шығарма оқуға міндетті болды. Тақырыптың маңызын жұдырықтай жүрегімен қабылдаған жас өркен сайысқа ыстық ықыласын танытып, жоғары белсенділікпен қатысты.
Сонымен байқау нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының 8 жасар тұрғыны Әдемі Ержан ақын Дихан Әбілевтің «Туған тілім» деген шығармасын үздік оқып, бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды Алматы қаласының тұрғыны, 6-сынып оқушысы Арнұр Сағатбек иеленсе, екінші орын елорда тұрғыны 7 жасар Бекболат Тоқтамұратқа бұйырды. Үшінші орынды Сыр бойының өрені Нұрислам Болатұлы мен киелі Түркістанның тумасы Инабат Жақсыбек бөлісті. Басқа да өнерлі жеткіншектер арнайы дипломмен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × five =