Балалар үйірмеге бара алмай жүр

0 28

Coronavirus 2020 сайтының мәліметі бойынша елімізде 237446 адам індетпен ауырып, сауығып шыққан. Олардың бәрі иммунитетін нығайтып, денсаулығын жақсарту үшін бұқаралық спортпен айналысуы керек. Бірақ… шенеуніктердің шалағайлығынан балалар тегін спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге бара алмай жүр.Өткен жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанмен, мемлекеттік органдар тиісті нормативтік құқықтық актілерді дайындамаған. Жуырда Мәжіліс депутаттары Вера Ким мен Дархан Мыңбай осы түйткілді мәселенің анық-қанығын айтып, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады.
Депутаттардың айтуынша, аталған заңда балаларға тегін спорттық және шығармашылық тапсырыс­ты енгізу мәселесі қарастырылған. Бұл нормалар 2021 жылы 1 мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда заң қабылданғаннан бері 3,5 ай уақыт өтсе де, қажетті шаралар жүзеге асырылмаған. Халық қалаулылары Президенттің тапсырмасын орындамаған шенеуніктердің шалағайлығы бұқаралық спорттың дамуын тежеп, балалардың тегін секцияларға баруына кедергі келтіріп отырғанына алаңдаушылық білдірді. Олар Үкіметтен аталған актілерді жедел қабылдап, заңдағы бұқаралық спорт пен шығармашылық дамуға қатысты нормаларды жүзеге асыруды талап етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =