Балалар театрға шақырады

0 8

«Астана Операның» театр студиясы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жыл сайынғы есептік концертін 22 маусымда өткізеді.Театрдағы балалар студиясы 2013 жылы құрылды. Хор және балет студиясының тәрбиеленушілері – театр спектакльдері мен концерттік бағдарламаларының қатысушылары. Сондай-ақ олар театрдың гастрольдік қойылымдарында да белсенділік танытып келеді. Бүгінде студияда өнерге деген қызығушылығы мол, дарыны мен музыкалық қабілеті жоғары балалар тәлім алуда. Студияның ең кішкентай қатысушысы 7 жаста. Аз ғана уақыт ішінде театр жанынан өнерін жетілдірген көптеген бүлдіршін үлкен сахнаға қанат қағып, түлек атанды. Бүгінгі таңда олар Қазақстан мен шетелдің жоғары оқу орындарында білім алуда.
Көрермендер студия тәрбиеленушілерін Дж.Пуччинидің «Богема», «Турандот» пен «Тоска», Ж.Бизенің «Кармен», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операларынан көре алады, ал балет студиясының жеткіншектері «Дон Кихот» спектаклінде Ла Скала театрының әртістерімен бірге бір сахнада өнер көрсетті.
Осы орайда балалар студиясының білім алушылары көрермендерге хор ұжымы мен балет студиясының жеке әрі ұжымдық нөмірлерінен тұратын мазмұнды бағдарлама ұсынады.
Хор студиясының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова, балет студиясының жетекшісі – Әмина Әлиева. Хормейстер – Әйгерім Амангельдиева, концертмейстерлер – Ирина Кургузкина мен Эльмира Сұлтанғазина. Концерттің режиссері – Николай Коршунов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =