Балалар лагері әлі жабық

0 31

Жазғы лагерь – баланың асыға күтетін демалыс орны. Биыл балалар лагерьдің қызығын кештеу сезінбек. Осы жылы қала сыртындағы лагерьлерде жазғы демалысқа 3050 баланы қамту қажет болатын. Карантин режимінің енгізілуіне байланысты лагерьдегі демалыспен қамту 25% азайып, қазіргі уақытта 2230 бала жіберілмек.

Cонымен қатар, бүгінгі күні «Боровичок» демалыс аймағында жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты, «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының» 56 тәрбиеленушісін жазғы лагерьге жіберу жоспарлануда. Десек те, қала сыртындағы лагерьлер әлі жұмысын бастаған жоқ. Лагерь орындарын дайындау жұмыстары мамыр айынан басталып кеткен. Қала сыртындағы «ARMAN» турис­тік-сауықтыру кешені, «Боровичок» демалыс аймағы, «Батыр» туристік-шатырлы және «Тұлпар» этникалық киіз үй лагерьлерінде жөндеу, көгалдандыру, абаттандыру және дайындық жұмыстары аяқталды. Тек елдегі карантин жағдайына байланысты қауіпсіздік шарасы сақталуда.
COVID-19 жұқтырушылар санының өсуі 7 күн ішінде 2%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда ғана лагерь ашылмақ. Жұмыс алгоритмі мен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жазғы лагерьдің жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 7 =