Балалар кардиологы тапшы

0 29

Елімізде нәресте өліміне әкелетін себептердің ішінде туа біткен даму кемістіктеріне байланысты көз жұму – екінші орында. Олардың арасында жүрек-қантамыр жүйесінің кемістіктері басым. Үкімет осы мәселені шешу үшін балалар кардио­логтарының тапшылығын жоюды көздеп отыр.

Премьер-министр Асқар ­Маминнің айтуынша, елімізде 23 балалар кардиологы, 7 балалар кардиохирургы және 108 балалар анестезиолог-реаниматологы тапшы. Осы салаларды білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін жыл сайын резидентурада клиникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді. Қазіргі таңда медицина кадрларын ынталандыру жолымен саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр.
«Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, әкімдіктерге медицина қызметкерлерін материалдық ынталандыру жөнінен шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді. Балаларға кардиохирургия­лық көмекті күшейту үшін өкпе гипертензиясы бағдарламасын жүргізу және «Жүрегінің жалғыз қарыншасы бар пациенттерге арналған бағдарлама» мультипәндік командасын құру жоспарланып отыр» деді Асқар Мамин.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + seventeen =