Балалар байқауы басталды

0 89

Астанада Ұлттық Дельфий ойындары бағдарламасы бойынша «Шаттық» байқауы басталды. Шараның басты мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді дамыту және таланттарды қолдау.

Биыл 8-ші мәрте ұйымдастырылған «Шаттық» байқауы Астана қаласының 15 жылдығына арналған. Өнер жарысына 10жастағы және одан жоғары мыңға жуық дарынды мектеп, колледж оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Аспап, хор, хореография, фотосурет, вокал жанрлары және бейнелеу өнері аталымдары бойынша бақ сынасып, ең үздік деп танылғандар 16 ақпанда алтын, күміс және қола медальмен марапатталады. 200-ге жуық бала вокал және эстрада аталымы бойынша өнер көрсеткен болатын. Солардың арасынан «Әнші балапан», «Бозторғай» байқауларының жеңімпазы, №60 лицейдің 8-сынып оқушысы Карина Каримова оқ бойы озық екендігін дәлелдеді. Үш жасынан ән айтқан Карина бұған дейін Испания, Болгария, Ресей, Литва елдерінде өткен сайыстарға қатысып, жүлдемен оралған еді. Бүгінгі сынға да үлкен дайындықпен келген жас талант «Толғау» орындап, көпшілікті өнерімен тамсандырды.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =