Балалар бағының бағбаны

0 37

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесінде Балалар әдебиеті жылы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Біз – өмірдің гүліміз» атты балалар ақыны, жазушы Әнуарбек Дүйсенбиевтің шығармашылығына арналған кеш өтті.

61a1bdb58f435639069008

Кеш барысында Ә.Дүйсенбиевтің шығармашылық мұрасын, жас ұрпаққа қалдырған еңбектерін насихаттау мақсатында Балалар әдебиеті жылы аясында жарыққа шыққан «Көктем» және «Біз – өмірдің гүліміз» атты кітаптары таныстырылды. Сондай-ақ өлеңдері мен ертегілері, көңілді әндері жас оқырмандар назарына ұсынылды. Дүйсенбиевтің шығармаларындағы сәбиге тіл үйрететін тілашарлар, есепке жаттықтыратын санамақтар, азаматтыққа тәрбиелейтін табиғат, Отан, ата-ана, адамгершілік туралы «Не деу керек?», «Ақ тайлақ», «Доп», «Не жақсы?», «Біз – өмірдің гүліміз», «Бұл қандай бала?», «Бес саусақ» тағы да басқа тамаша өлеңдері оқылды. Шығармашылық кештің қонақтары ақынның қызы Сәуле Дүйсенбиева, балалар жазушысы Жәди Шәкенұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бекен Қайрат жазушының өмірбаянынан қызықты деректер айта отырып, әдеби мұраларынан сөз қозғап, оқырмандарға тың мағлұматтар берді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =