Балабақшалар жабылады

0 35

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның
қаулысына сәйкес бүгіннен бастап елордадағы барлық балабақшалардың жұмысы меншік нысанына қарамастан тоқтатылады. Бұрын балалар санын бір топта 15 адамнан асырмау тәртібімен балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейтін.

Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелердің қыз­метін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Егер балалардың қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек.
Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған. Балабақшалар жұмысының қайта жандануы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + eight =