Балабақшаға балаларды қабылдау жүргізілуде

0 509

Елордада  25 ақпаннан 1 наурыз аралығында кезек  бойынша жа­ңа­дан ашылған балабақшаларға балалар қабылдау жүргізілуде.

Пайдалануға мына жаңа бала­бақ­шалар:
– Пригородный кенті, Сары­тоғай к-сі,
9 үйдегі № 68 балабақша (Пригородный кенті)
– 23-31 к-сі, 41 үйдегі № 69 бала­бақша
(«Тұрсын-Астана» ТК)
23-31 к-сі, 39-үйдегі № 70 бала­бақша
(«Тұрсын-Астана» ТК)
– Жобалау к-сі, 36/3-үйдегі №199 бала­бақша
(ЖК «Жағалау» «Хан ша­тыр» сау­да ойын-сауық орта­лы­ғы­ның артында) берілді.
Сон­дай-ақ, Білім басқармасы елорданың мектепке дейінгі мекемелерінде орынның толықтығына және зәрулігіне байланысты балаларды топтау кезінде ата-аналарының өтініштері бойынша жолдама берудің мүмкіндігі жоқтығын хабарлайды.
Топтауға жазылмас бұрын жаңа балабақшаның орналасқан жерімен танысу керек. Егер балабақшаның орналасқан жері сіздің көңіліңізден шықпаса, 2013 жылы жоспарлы топтауға қатысуға құқығыңыз бар. Сіздің кезегіңіз сол күйі сақталады.
Топтау 25 ақпаннан бастап № 26 мектепте (Конституция к-сі, 44) жүргізілуде. Жұмыс тәртібі: күн сайын 10.00-ден 18.00-ге дейін. Үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Сенбі, жексенбі – демалыс күндері.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + 20 =