Балабақшадағы «Жігіт сұлтаны»

0 841

Астанадағы №19 «Балбөбек» балабақшасында елор­даның 15 жылдық мерейтойына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған топ тәрбиеленушілері арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті.

Сайысқа әр топ тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерімен ата-аналар мен көрермендердің көңілін көтерді. Бал тілді балақайлар сайысы басталмас бұрын балабақша меңгерушісі Алмагүл Төлеуқызы ата-аналар мен келген қонақтарды мерекелерімен құттықтады.

Сайыс соңында қазылардың шешімі бойынша Думан Қыдырбаев – «Жігіт сұлтаны», Саулетбек Сайлаубек – «Ер жігіт», Елнұр Қияқбаев – «Батыр жігіт», Алмас Дабыл – «Көрікті жігіт», Әділжан Асқаров – «Қайсар жігіт», Байқадам Жылқыбаев «Өнерлі жігіт» атанды. Қызықпен өткен сайыс соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, олар мақтау грамоталары және сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =