«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Балабақша ашылды

0 272

Бас шаһарда арнайы білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балалар үшін (аутизмге шалдыққан, есту, сөйлеу, қимыл дағдылары төмен балалар) әлеуметтік бейімделу мен білім алуға үйрететін «RostOk» балабақшасы ашылды.

Осындай балабақша арнайы білім беруді қажет ететін балалары бар ата-­аналар үшін көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе болатын. Енді, міне, ізгілікті шара жүзеге асып, ата-аналардың көңілдері бірленді. Бұл еліміздегі әлеуметтік бағыттағы атқарылған игі­лікті істердің бірі деуге болады.
«Бұл жоба – «Astana» ӘКК» АҚ қолдаған көп жобалардың бірі. Бұған дейін қала әкімдігі компанияға тұрғын емес жайларды сенімгерлік басқаруға берген болатын. Осы бағытта арнайы бағдарлама әзірленді. Сол құжатқа сай тұрғын емес жайлардың басым көпшілігі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында жалға берілуде. Бүгінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын қорлар мен ұйымдарға ең төменгі бағамен ӘКК барлығы 5400 шаршы метр тұрғын емес жайды жалға берді. Біз алдағы таңда да елордамыздың маңызды әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға атсалысамыз» дейді «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Рүстем Қуанышбаев.
«Astana» ӘКК» АҚ мәліметі бойынша қазір қалада 7557 бала арнайы бақылауға алын­ған. Жаңадан ашылған балабақшаға 2 жарым жастан  7 жасқа дейінгі 55 бала ақы­лы негізде қабылданса, көп­балалы және әлеуметтік аз қам­тылған отбасылардың  65 баласы тегін білім алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды