Бала саулығы – ұлт болашағы

0 131

Осыдан жиырма жыл бұрын кеуде сүтімен емізудің Бүкіләлемдік жәрдем көрсету одағы Бүкіләлемдік емшекпен емізудің «Аурухана – балаға мейірімді» атты апталығы  жобасын іске қосқан болатын. 

Дүниежүзі бойынша алғашқы төрт айлығында 35 пайызға жуық нәресте кеуде сүтін емеді екен. Жалпы жаңа туған сәби үшін кеуде сүті бірінші тағам­­дық өнім болып саналады. Қазіргі жас босан­ған­ аналар перзентін емізуді ерте қойып кетеді. Нәтижесінде уызға жары­маған нәресте аурушаң болады. Сон­дық­тан кеуде сүті, әсіресе, шала туған және дене салмағы аз балалар үшін өте маңызды болады.

Қазақстан Республикасы Статистика агент­ті­гі­нің мәліметтері бойынша біздің елімізде 2012 жылы 370 мыңнан астам бала дүниеге келген. Соның ішінде 6 айға дейін балаларын кеуде сүтімен еміз­етін­дер 31,8 пайызды құраған. Соны­мен қатар балаларын екі жасқа толғанға дейін емшек­пен емізуді жалғастыру тәжірбиесі бар. Бұл – қазақ халқына жат көрініс емес.

Астана қаласының №1 қалалық бала­лар­ ауруха­насы 1998 жылдан бастап ЮНИСЕФ-тің «Бала­мен достық сүйіс­пен­ші­лік қарым-қатынастағы аурухана» жобасына кірді. 2000 жылы мекеме «Бала­мен достық сүйіспеншілік қарым-қаты­нас­тағы аурухана» атағын жеңіп алды және кеуде сүтімен емізу бағытында орын­далған белсенді жұмысы үшін БҰҰ ЮНИСЕФ-тің балалар қоры­ның­ «Алтын тақта» марапатына ие болды. Міне, 15 жылдан бері емдеу стационарларда денсау­лық мектебі сабағында жас аналарға баланы қалай тамақтандыру керектігін айтып, кеңес беріп тұрады. Жобаны еңгізгеннен келесі нәтижелерге қол жеткіздік: жеке Ана мен балалар бөлмесі бар, жобада ата-аналардың алатын рөлі жоғарылады, кеуде сүтімен емізу қағидасын қолдайтын аналар саны ұлғайды, кеуде сүтін ему барысында балалар арасында ауру-сырқау азайып, стационарда жату ұзақтығының пайыз көрсеткіші төмендеді. Осы 10 жыл ішінде бағдарлама бойынша жұмыс жасау қорытындысына сәйкес табиғи кеуде сүтімен емізу көрсеткіші 91 пайызға дейін жоғарылады.

Қазақта «Уызына жарымаған» деген уытты сөз бар. Бұл ана сүтіне жарымаған деген сөз. Бала ана­ сүтімен өседі. Сондықтан ұрпағымыздың ұлы­ мақсаттарды бағындыруы үшін ана сүтімен әлди­леу­ді ұмытпасақ екен дейміз.

Жанат АЛТАЕВА,
Астана қаласының №1 қалалық
балалар ауруханасының
СӨСҚО дәрігері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − seven =