БАЛА САУЛЫҒЫ БАҚЫЛАУСЫЗ ЕМЕС

0 155

SAM_4793Тұңғыш Президент күні Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық қоғамдық қабылдаудың елордадағы жаңа ғимаратында өтінішпен келген азаматтарды қабылдады. Солардың арасында Астанадағы мамандандырылған Балалар үйінің директоры Гүлнәр Құлышева да болды.

Осыдан екі жыл бұрын «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының қолдауымен сапалы құрал-жаб­дық­тар сатып алып, сал ауруы диагнозы қойылған балалармен жұмыс істей бастағандары туралы әңгімелеген бас дәрігер алдымен төрт баланы шетелге апарып тексертіп әкел­гендерін олар бірден шетелге шық­пай, әуелі біздегі дәрігерлердің тек­серілуінен өтіп, кеңес алғандарын, содан кейін барып қана мамандардың келісімімен шетелге жіберілгенін жеткізді.

«Дені сау бала – ұлт болашағы» жобасының арқасында Кореяда, Ресейде ем алған 16 баланың оны оң нәтижеге қол жеткізген. Сондай-ақ, аталмыш қордың қол­дауымен республикамыздың алты аймағындағы балалар үйіне жалпы сомасы 7,5 млн теңгенің оңалту қондырғылары сатып алынды. Қалған он облыс та бағдарламадан тыс қалмайды. Бұл ретте Айнұр Мыр­заханқызының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол жетекшілік ететін ұжымның күн сайын жүргізген ин­новациялық жаңа әдістемелерінің арқасында Балалар үйіндегі Диляра, Ислам есімді балақайлар аяғынан тұрып, өз беттерімен отыратын халге жеткен. Сал ауруына шалдыққан басқа да ба­­лалардың  психикалық  жағдайлары жақсарып, ештеңеге мән бермейтін кейбір сәбилер айналасындағы құбылыстарға көз тоқтатып қа­райтын болған.

Жалпы, бұл жоба Астана қаласы әкімдігінің және Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

«Балаларды неғұрлым ерте са­уықтырсақ, нәтижесі де соғұрлым көп болады. Инновациялық жаңа әдіс-тәсілдерді күн сайын қолданудың арқасында біздегі отыра алмайтын балалар аяғынан тұрып, қозғалмай­тын балалар еңбектеп кетті. Ендеше, кез келген балалар үйінде осындай орталық болуы керек» деді «Нұр Отан» партиясының 50 тұлғасы» жобасының қатысушысы Г.Құлышева.

Мемлекет басшысы Балалар үйіндегі мұндай нәтижелерге қуа­нышын жасырмай, сал ауруы диагнозы бар балаларды оңалту орталығына қолдау білдірді. Одан әрі «Нұр Отан» төрағасы әкім­діктерге тапсырма берілетінін, ал партия жүйесінің бұл бастаманы қамқорлығына және бақылауына алатынын атап өтті.

«Нұр Отан», шын мәнінде, ха­лықтық партия екенін ескере келе, соңғы екі жыл бойы осы партиямен бірге қойың-қолтық жұмыс істегендеріне тоқталған Гүлнар Құлышева еліміздегі ана мен балаға деген ерекше қамқорлығы үшін Елбасына алғыс айтты.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 9 =