Бала асырап алуды сот шешеді

0 79

Жанат ХАБАРОВ, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы:

– Жанат Саматұлы, бүгінде бала асырап алу мәселесінің өзектілігі неде?
– Өкінішке қарай, көптеген балалар әртүрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалып жатады. Мұндай жағдайда олардың мүдделерін қорғау мемлекетке жүктелген. Дәлірек айтсақ, әр баланың толық және қалыпты отбасыда тәрбиелену құқықтарын жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

– Бала асырап алудың қысқаша ережесін айтсаңыз…
– Баланы асырап алуды оған тiлек бiлдiрген адамның арызы бойынша сот жүргiзедi. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен мiндеттерi баланы асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап туындайды.

– Бұл ретте баланың жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріле ме?
– Бала асырап алудың өзіндік тәртібі бар. Ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, белгісіз болған жағдайларда ғана бала асырап алуға жатады.

– Жетім балалар жайы қалай болмақ?
– Орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан балалардың туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын ел азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін.

– Бала асырап алушыға қандай міндеттер қойылады?
– Бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруы керек. Балаларды асырап алуға тілек білдірген кезде баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемінде екі апта тікелей қатынасуға, баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ, тұрғын үй жайларын тексеріп қарау актісін, жиынтық табыс мөлшері, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға міндетті.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 6 =