Байыпты баға берілді

0 60

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болып сайланды.

Бас Ассамблеяның 67 сессиясы аясында өткен сайлауда 183 мемлекет Қазақстанды жақтап дауыс берген. Азия мен Тынық мұхиты тобы атынан алғашқылардың бірі болып кеңес мүшесі атанған елімізде адам құқыларын қорғау механизмі толығымен қалыптасқан. «Бұл жетістіктің өзі біздің Қазақстандағы болып жатқан реформалардың нәтижесі. Ең негізгісі, біздің Конституциямызға сәйкес адам құқыларының сақталуы, оны мәртебелі етіп, өркениетті қоғамға жеткізу жолдарына берілген үлкен баға» дейді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + three =