«БӘЙТЕРЕКТЕН» БӘРІ КӨРІНЕДІ

0 119

Аяз ата бар екен!
Ақша қар біз ойлағаннан да сұлу!
Бұғыға емес, төрт ақбоз атқа жеккен күймесін айтсаңшы!..
«Бәйтеректің» басына шықтық… Астананың ажарын тамашаладық.
Мұз қалашығы қатты ұнады!
Аяз атаның тартуы, Ақша қардың шашуы…
Қол бұлғап бара жатты шығыс жаққа!..

Баланың ертегісі демеңіз. Дәл­ солай! Көзіммен көрдім. Жә,­ басынан айтайын…
«Мәңгілік ел» салтанат қақ­па­­сының сәніне көз салған сай­ын­ са­райым ашылатыны бар­-ды. Жаңа ғасырдың тұңғыш мү­шелді мерейі көңілімді тасытып, кеше әлгі жаққа тағы жол салдым. Жаяу. Се­зіне ал­­ғанға Ас­тананың суығы да рахат­ қой.­ Аяқ астындағы аппақ қар­ әр­ адымымды басқан сайын сы­­қырлайды. Сықылықтай кү­­летін сынды. Көңіл түк­пі­рі­нен ақтарылған ойлар со­нау бір балалық шақтың шат­­тықты мезеттерін көз алды­ма­ әке­леді… Е-е-е, шіркін! Ол дәу­рен­­ де­ өтіпті! Түрлі аң кей­пін­­де киінген сы­­ныптастарым­мен­ қол ұстасып, жа­сыл шыр­шаны әндете айналатын едік. «Аяз ата! Ақшақар!» деп, ай­­қайлай шақырамыз. Әне,­ Аяз ата мен Ақшақар да кө­рін­­ді! Ақ са­­қалы белуарына түс­кен атаның ар­­қалаған шапаны түстес қызыл қап­­шығы бар. Өнерін көрсеткен ба­­лаға сыйлығын аяр емес. Ақшақар­­мен қосылып, тақпақ айтқан да­ бір ғанибет! Бірақ… Аяз атамыз жа­ғрафия пәнінің мұғалімі Әлішер ағай екенін, Ақшақар мектепке жа­ңа­дан келген Мәдина апай екенін ба­ла болсақ та білетін едік. Біле тұ­ра,­ сене са­латынбыз. Иә, имандай се­неміз!..
Міне, ғажап! Салтанат қақ­па­сы­­ның­ жанында Аяз ата жүр! Аяз­ ата!­ Ақшақар да! Анау төрт ақ­боз­ ат­­қа жегілген қызыл күйме де­ со­лардікі болды ғой. Бұғыға же­гіл­ген күймемен жүретінін мультфильм­дерден көретін едім… Менің кө­зі­ме ша­лынған Аяз ата мен Ақшақардың күй­месін сүйреп жүрген өзі­міздің қыл­құйрықтылар.
Мынау қызық болды! Түсім емес.­ Иә, түсім емес, өңім! Көзімді уқа­лап­-уқалап, тағы қараймын: Аяз ата.­ Ақ­ша­қар. Жер тарпыған төрт жа­ну­ар­ға же­гілген қызыл күйме…
* * *
– Ассалаумағалейкум, ата! Аман­сың­ ба, Ақшақар!
– Әликімсалам, молда бол, қа­ра­ғым!
– Сәлеметсіз бе?!
Мәссаған! Мыналарым қазақша сай­­рап тұр ғой.
– Қақпаларың қандай әсем! Ал­ғаш­қы аялдаған бетіміз осы, – дейді.
– Қайдан келдіңіздер?.. Ел-жұрт аман ба? – деймін ғой сасқалақтап.
– Ұлы Устюгтан жол бастадық қой,­­ – дейді, – Солтүстік полюсті ба­­сып өтіп, орманды Ресейді артқа тас­­тап, Ұлу жылын үлкен абыроймен тә­мамдаған қазақ жұртына та­бан ті­редік.
– Иә, иә! Біздің елге өткен жыл же­місін де, жеңісін де төкті! – дей­мін кеу­демді мақтаныш шарлап. – Сіздер тұ­манды Альбиондағы олимпиада­ны­ тамашалаған боларсыздар?! Же­ті алтынды қанжығаладық қой! Спортшыларымыздың әу­се­ле­сіне әлем сүйсінді!.. Сосын Ұлу жылын­да­ жер бетіндегі Ислам елдері өкіл­де­рі­нің басын тап осы бас ша­һа­ры­мыз­да қостық! Айтпақшы, Ас­тана түркі ел­дерінің мәдени астана­сы­ болды! «ЕХРО» ше! Біздің елордамыз ең­ беделді халықаралық көр­мені өт­­кізу құқығын жеңіп алды ғой! Бельгияның Льеж қаласымен те­ке­ті­ресіп…
– Жә, жә! Мұның бәрін си­қыр­лы­­ таяғым арқылы біліп, көріп отырамын. Қазақ жұртының жер­ бе­­тіндегі дамыған елу елдің қа­та­­рына қосылуына таяқ тастам қал­ғанынан да хабардармын. Жел­кенді жетістіктерің мен бе­ре­­­келі бір­ліктерің, тірліктерің әлі­­-ақ­ асу­лардан асырады. Әлі-ақ сал­­та­на­ты жарасқан отыз елмен иық­ тіресесіңдер. Ақшақар, солай емес пе?! – дейді айналасы­на­ таң­дана көз тастап тұрған қар қы­­зы­на­ қарап. Ол көзінде нұр ой­нап, шат­тықты күймен басын изей береді. Енді байқадым, Ақшақар қан­дай сұ­лу! Қандай ғажап! Гауһар мен жа­құттан апталған тә­жі тек Ақшақар­ға ғана жарасатын­дай! Жарыққа ша­ғылысқан қардың жыл­тырымен жарыса көз жұтқан көй­легі тек Ақ­ша­ қарға ғана шақтап ті­гілгендей! Ақша жүзі мен мөп-мөл­дір қара қос жа­нарынан ешбір суықтықтың лебі еспейді, тек сұ­лу­лық қана! Осы қар қы­зы емес, қазақ қызы шығар, ә?!
– Менің «Бейбітшілік қаласын», Астана­ ша­һарын тамашалағым келеді! – Үні қан­дай әсем!
– Ақшақар, айналайын, біздің уа­қытымыз тар ғой, – дейді Аяз ата. Жу­ан­дау болса да жағымды даусы. Ой­ыма «Бәйтерек» сап ете қалды.
– Ата, оның жарасы жеңіл ғой!­­ Біздің «Бәйтерегіміз» бар.­ «Бәй­те­рек» – бұл қаланың бой­тұ­­мары. Ал, «Бәйтеректің» биі­гі­нен бәрі кө­рінеді! Астананы алақандағыдай кө­ре­ аласыздар! Сон­да баралық. Әне, өзі­ де көрініп тұр… Мен таныстырам.
– «Бәйтерек» деймісің. Барсақ, ба­­райық.
Менің ұсынысыма Ақша қар да қуанды. Жол бойы, төрт тұлпар жүйткіткен күйме ішінде биік бәй­те­ректің басына ұя салған алып са­мұ­рықтың жұмыртқасын әб­жы­ланнан қа­лай қорғаштағаны туралы аңызды әң­гімеледім…
* * *
«Бәйтеректің» биігіндеміз. Күт­пе­­ген қонақтарым жан-жағына там­­са­на қарайды.
– Әңгімең қызықты екен… Расында, мұнда бәрі көрінеді ғой! Әсіресе, төбесінде көк туы желбіреген анау­ ғи­марат қандай еңселі, әсем!. Ал­дын­да­ғы үй қорғаны іспетті. Айбарлы, әдемі көрінеді! – дейді атай.
– Ол – біздің Президент – Ел­ба­­сы отыратын Ақорда ғой. Оның­ жа­­нын­да­ғы­ Үкімет үйі мен Пар­ла­ментіміздің қос палатасы. Ел­ тағ­ды­ры­на қатысты маңызды құ­­­жаттар, қа­рарлар осы жерден Алашқа та­рап жатады. Ә, сіздер мы­­нау ала­қан­ның ізін көрдіңіздер ме?­ Бұл – біздің Президентіміз Нұр­­сұлтан На­зарбаевтың «қол­таң­ба­сы». Бұған қолыңызды қойып, қан­дай тілек айт­са­ңыз да орындалады! – деймін тағы да­ мақтанып.
– Тамаша! Тамаша! Онда алдағы жыл қазақ халқына табысты, абыройлы, берекелі, мерекелі жыл бол­сын! – деп, Ақша қар нәп-нәзік, әй­бат ала­қанын «қолтаңба» бетіне қойып жат­ты. Күлгенде аса сүйкімді бо­лып ке­теді екен…
– Жаңа ғана өзің айтқан, біз тұрған ал­тын жұмыртқаны басқан алтын са­мұрық құс анау тұғырға қонған ба? Мұнарасы аспанмен таласып тұр­ ғой.
– Дәл солай! Біз оған «Қазақ елі» деп­ айдар тақтық. Ол – хал­қы­мыздың ас­қақ рухының нышаны, қастерлі бел­гісі. Көрдіңіз бе, ескерткіш ние­ті­мізбен түстес аппақ мәрмәрдан құй­ылған. Тұғырдың биіктігі тоқсан бір­ метр болады. Бұл­ қазақ елінің еге­мендікке қол жет­кізген 1991 жыл­­ды меңзейді. Астындағы «Тұң­ғыш­ Президент жә­не халық» ба­рель­ефінен сан қи­лы соқпақтан аман­ келе жатқан менің жұртымның ер­кін­дікке, гүлденген ел болуға деген ұм­­ты­лы­сы көрінеді. «Қаһарман», «Жа­­сампаздық», «Болашақ» ба­рель­ефтері де еліміздің өткені мен жа­­ңа тарихынан сыр шертеді.
– Балам, мынау оңтүстік-шы­ғыс­та­­ғы алаңда қарақұрым адамдар кө­рінеді ғой. Не істеп жүр екен, ә?.. Бір­ игілікті іс басталғалы жатқан се­кіл­ді мұнда.
– О-о, ата, Аяз ата, бағана айттым ғой,­ Астана шаһары 2017 жылы өте­тін «ЕХРО» көрмесін өткізу құ­қы­ғын жеңіп алған өткен жылы. Ол көр­менің салмағын сіз білсеңіз ғой. Төрт жылда бір өтетін жазғы олимпиада ой­ын­да­рының маңызы қандай бол­са,­ бұл да солай! Бес жылда бір ұй­­ым­дастырылады. Мұнда әлем ел­­­де­рінің проблемалары назарға алы­­нып, жетістіктері паш етіледі. Біз көрмеге энергияның балама кө­зі­ мен «жасыл» технологияға ар­­налған «Болашақтың энергия­сы» тақырыбын ұсындық. Ал, энер­гия­ның балама көздеріне кө­шу­ – бүгінгі күннің ең өзекті шаруасы. Себебі, әлем халқы экология лас­та­ну­ының зардабын шегіп отыр. Сіз одан хабардар боларсыз?
– Әлбетте, әлбетте, мен көп елді аралаймын ғой. Бірақ, қазақтардың дайындығы мені тағы таң қалдырды!
– Біз көрмеге 113 гектар жерімізді ұсынып отырмыз. Ал онда үлке-е-ен қалашық салынады. Сөйтіп, әлемді қазақстандықтардың көп ұлт­­ты мә­дениетімен, ежелгі тарихы­мен,­­ өнерімен, дәстүрлерімен, қо­нақ­жай­лылығымен таныстырамыз­. «ЭКСПО» кезінде Астанада әлем­нің­ түпкір-түпкірінен әртүрлі мә­де­­ниеттер үні шырқалады. Көрме ау­­мағында күн сайын концерттер, ұлт­тық күндер және басқа да ойын-сауықтар өтеді. Ата, бәлкім, сіз де келерсіз, а?! Қасыңызға Ақшақар­ды ертіп, қонақ болыңыз сонда, – дей­мін, мәртебелі меймандарыма қолқа са­лып.
– Қай мезгілде болады екен?
– Жазда ғой, жаздың үш айы бойы дүрілдетеміз. Бес миллионнан­ аса мей­ман келеді! Біз сондай қо­нақжай халықпыз, ата, сіз білсеңіз. Сіз де құрметті қонақ болар едіңіз!
– Ой, болмайды ғой, болма-а-ай­ды… Менің сапарым тек қыста ғой. Қыс­та басталады. Мен қыста ғана жол­­ға шыға алам.
– Ә-ә, өкінішті!.. Жарайды, он­да­­ мені тыңдай беріңіз. Біздің Пре­зи­дентіміз осы қуанышты оқи­ға­ға­ орай, «Астананың таңдалуы – Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі» деді. Өйткені, мұндай деңгейдегі шараны бізге дейін Тәуелсіз мемлекет­тер­ достастығы мен Орталық Азия­да­ еш­­қандай мемлекет мойны­на­ алып көр­меген. Бұл – біздің же­ңі­сі­міз, ата!
– Ал, ана-а-ау не шатыр? Ішінде ду­­манды мереке болып жатқан сы­ңай­лы. Отшашу ма? Әйтеуір, түр­лі-түсті жарықтар… Балалардың да­ күлкісі ес­тіледі ғой.
– О-о-о! Ата, ол – «Хан шатыр» ғой! Егер уақыттарыңыз тар­ бол­мағанда, мен сіздерді сонда қы­дыр­татын едім. «Хан ша­тыр­дың» әлемі сондай қызықты! Кім-кімді де­ баурап алады. Бас қа­ламыздың он екі жылдық мерейтойы күні тұ­сауы кесілген. Ашылғанына көп бо­ла қоймаса да,­ әлемнен ағылған көп­теген ту­ристерді қабылдап үлгерді. Ша­ты­­рының биіктігі – жүз елу метр! Мұнда кинотеатрлар да бар. Кө­рер­мен­дер үшін дүниежүзіне кеңінен танымал «Старр Синема» компаниясы әлемде шыққан соңғы жа­ңа фильмдерді ұсынып келеді. Со­нымен бірге, саяхат жасайтын­ мо­норельсті теміржол, төрт-же­ті­ метр биіктіктегі кедергілері бар су­да жүзу орталықтары бар. Қа­ла­­мыздың сәулетіне сән қосатын бұл­ ғимаратта елордалықтар мен қо­­нақтар бос уақытын барынша кө­ңілді өткізетін ойын-сауық орында­ры­ молынан қамтылған.
– Пирамида! Пирамида сендерде де бар екен ғой! Мен тек Египеттен көретін едім. Әлемнің «жеті ке­­реметінің» бірі. Қалай сонда? Сен­дердің бабаларың да пирамида тұр­ғызып кеткен бе? – деген Аяз ата әл­ден уақытта жерден жеті қоян тап­қан­дай қуанып сала берді.
– Жо-ға, ата! Тәуелсіздігімізді алған соң салдық. Біз оны «Бей­біт­­ші­лік­ және келісім сарайы» деп атаймыз. Мұнда еліміздегі түрлі ұлт­ өкілдері, әлемдік діндердің көш­бас­шы­лары бас қосады. Бұл – әле­мнің «сегізінші ғажайыбы». Сіз айтқан пирамида пошымында са­лынған.
Әлемде барлығы уақыттан қо­рық­са, тек уақыт қана пирамидадан қор­қады. Ежелгі мысырлықтар со­лай деп айтқан. Мен сізге мұн­да­­ғы қызықты жайтты айтайын: пи­рамиданың шы­ңына жаяу шы­ғу­ға болады. Онда «Ас­тананың аспалы бақтары» бар. Есілдің екі жағалауынан да көрінеді. Ал­ түнде оның шыңы ішінен жанып тұ­рады.
…Аяз ата мен Ақшақар Ас­та­наның зәулім нысандарына қат­ты­ қызықты. Мен «Атамекен» Қазақстан картасы туралы да ке­ңі­нен әңгімеледім. Онда күллі қа­зақ даласы жатқанын мақтана жет­кіздім. Әлем жастарына сапалы­ бі­лімге жол ашқан Назар­баев уни­вер­ситеті туралы да баяндадым. Құ­рманғазы, Бөгенбай батыр, Абай ескерткіштері жайында да сыр­ ақтардым. Олар біздің қа­зақтың мақтанышы екенін сөз ет­тім. Тұлғаларымыздың құнды мұ­­раларын ұрпақ сондай құрмет тұ­та­тынын айттым. «Думан» ойын-сауық орталығының жанынан бой­ көтерген Мұз қалашығына да­ қат­ты­ қызығушылық танытты Ақшақар. «Біздің үйіміз осындай Мұз қа­ла­шы­ғында болар ма еді» деп назын жа­сыра алмады Аяз ата!
Өйткені, «Бәйтеректің» басынан бә­рі көрінетін еді!

* * *
– Ал, балам, біздің саяхатымыз қатты ұнады, – деді Аяз ата. – Бізде уақыт тығыз. Әлі талай елді аралауымыз керек. Бағытымыз – шығыс жақ. Астана саған да ұнаған болар, Ақша қар, иә?
– Әрине! Ұнады! Сондықтан да келесі жаңа жылда мұнда тағы со­ға­тын­ боламыз! Уәде берем! – Ақ­шақар­дың уәдесі маған да ұнады. Ке­ле­сі жылы мен қонақтарымды өзім кү­тіп алатын болам.
– Менде сыйлық көп, балам! Алайда, мен сендерге ең үлкен сый­лығымды тарту етем! Ол – менің ақи­қатқа айналатын батам! 2030 жы­лы жер бетіндегі жұмақ елге ай­налыңдар!.. Әмин! Әмин! Әмин!
Ақшақар шаттықтан сықылықтай күліп, екі қолын көкке сермей берді. Алақандарынан әйбат моншақтар шашылып жатты. Әйбат моншақтар «Бәйтеректің» салтанатын жарас-тырып, көркем күйге бөледі. Ты­л­сымнан музыка үні естіліп жат­ты. Өмірімде естімеген әуенім! Есіл­дің көгінде қалықтап ұза-а-ақ тұр­ды. Бұл – Ақшақардың шашуы бо­латын…
Әлден уақытта Аяз ата мен Ақшақар­ төрт ақбоз атқа жегілген қызыл күймемен шығыс жақты бетке алып бара жатты. Көздерінде Астанаға деген қимастық бар еді. Әсем Ас­та­наға деген қимастық.
«Бәйтеректен» бәрі көрінеді…

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 2 =