БАЙРАҚТЫ БАЙҚАУ

0 121

9eU85pCdYEW0qz9C41i3Hvd9Z6ETbT

Астана қаласының әкімдігі мен «Accordi di Astana» қоғамдық қорының ұйым­дас­ты­руы­мен биыл екінші рет өтетін «Astana Piano Passion» халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер конкурсы 10 мамыр күні «Қазақстан» орталық концерт залында шымылдығын түреді. Байрақты байқаудың ашылу салтанатында атақты оындаушылар Денис Мацуев, Руслан Турунтаев және Илья Бахтин өнер көрсетеді.

Айтулы өнер сайысында та­лант­­­ты жас пианистердің шебер­­­­лі­гі ғана сыналып қоймай, түрлі рухани шаралар да ұйым­­дас­­­­­ты­­­­рыл­мақ. Атап айт­қанда, фес­­ти­валь қонақтары Астана қала­сын тамашалайды, атақты музы­­кант­­тар Мишель Берофф (Франция) пен Хюнг-Джун Чанг (Оңтүстік Корея) қазақ­­стан­­дық­ жас музыкант­тар­ мен­ ол­ар­дың педагог­тары үшін мас­­тер­-класс сабақ­та­рын өт­кі­­­зе­­тін болады. Сон­дай­-ақ, фес­­­ти­­­валь қонақ­тарына бір­қа­тар танымал музы­кант­­тар­­­дың кон­церті ұсынылады. Кон­курс­қа қа­ты­су­шыларды тың­дау және іріктеу Қазақ ұлт­тық өнер уни­вер­­си­тетінің орган залында, ал финалдық сайыстар 14-15 мамыр күндері «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Байрақты өнер байқауының жүлде қорына 60 мың АҚШ доллары тігіліп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + fourteen =