Байқоңырда – жаңа орталық

0 135

Кеше «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы елордадағы Байқоңыр ауданының тұрғындары үшін жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығын (ХҚО) ашты.

Ол Абай даңғылы, 80 мекенжайында орналасқан. Осымен Астанада бас-­аяғы 10 ХҚО жұмыс істейтін болады.
– Тағы бір орталықтың ашылуы қала тұрғындарының таңдау мүмкіндігін арттырып, өзге бөлімдердегі жұмыстың азаюына септігін тигізеді. Ғимарат кең және ыңғайлы болғандықтан, азаматтарға қажетті сектордың бәрі бар, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» төрағасы Абылайхан Оспанов.
Бұл жерде операторларға арналған 13 жұмыс үстелі, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында 15 жұмыс орны және электрондық цифрлық қолтаңба берілетін 4 үстел бар. Сондай-ақ азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеп, құжаттарын дайындаумен айналысатын миграциялық қызмет мамандарына 4 жұмыс орны қарастырылған.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + two =